МТРА жаңалықтары

Ата Заңымызға – 20 жыл!

Сот билігі Конституциядан бастап барлық заң актілерінің бұзылмауын және орындалуын қадағалайды. Жергілікті сот саласының қызметкерлері Конституция күнін өздерінің кәсіби мерекесі ретінде есептейді.

Асқар Смағұлов – Облыстық соттың судьясы:

-Бүгінде елімізде сот органдары үшін істі сапалы қарап, әділ төрелік етуге, дұрыс шешім шығаруға, жалпы азаматтардың конституциялық құқығын қорғауға жақсы жағдайлар жасалған. Ата Заң талаптарын орындау – мемлекетіміздің қарқынды өркендеуіне, азаматтық қоғамның орнауына септеседі. Заң сақталып, азаматтар Конституцияға бағынған елде ғана тыныштық қалыптасып, ол мемлекет даму жолына түседі.

 

Магжан Ахмадина