Қоғам

Ұлт жоспарындағы 10 қадам есеп беретін мемлекетті қалыптастыруға бағытталған

Асқап Сақыпкереев, СҚО бойынша қазынашылық департаментінің басшысы:

-Ұлт жоспарының 93-ші қадамында аудит пен мемлекеттік аппарат жұмыстарын бағалаудың жаңа жүйесін енгізу жайлы айтылған. Сонымен қатар, Елбасымыз бұл құжатта “Мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау туралы заң” қабылдауды тапсырды. Мұндай өзгерістердің нәтижесінде қазынашылық департаментінің халыққа көрсететін қызметінің сапасы жоғарылайды. Яғни, мемлекеттік қаржы бақылау жүйесі толығымен жаңғырады. Жаңа жүйе біз үшін де қолайлы болмақ.

Сондай-ақ, алдағы жылдары Ұлт жоспарындағы 98-ші қадамда көрсетілгендей елді мекендер мен селолық округтердің дербес бюджеті болады. Осылайша, ауыл тұрғындары жергілікті басшылықпен бір мәмілеге келіп, әкімшілік айыппұлдар мен салықтан түскен қаражатты жол жөндеу, су тарту сынды әлеуметтік маңызы бар істерге жарата алатын жағдайға жетеді.

Асқап Сақыпкереев, СҚО бойынша қазынашылық департаментінің бастығы:

-Ұлт жоспарындағы соңғы он қадам біздің салаға қатысты. Оның әрқайсысын жүзеге асыру үшін ұжым болып жұмыс істеу керек. Мәселен, 98-ші қадам селолық округтер мен ауылдарға байланысты. Яғни, ол жерлерде де “Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілетін болады. Бұл дегеніңіз елді мекендерде жұмыс орындарының көптеп пайда болуына әкеледі. Бірақ, бұл жүйе тек 2018 жылдан іске қосылады.

Асқап Сақыпкереевтың айтуынша, Ұлт жоспарының сәтті жүзеге асуы барлық деңгейдегі әкімдердің қабылдаған шешіміне ғана емес, аудан тұрғындарының белсенді жұмысына да тікелей байланысты болмақ.

 

 

Акбопе Танирберген