Құқық қорғау органдары

СҚО-да 3 полиция қызметкері жұмыстан босатылып, 14-і жазаға тартылған

Аталмыш оқиға шілде айында тіркелген. Бұл мәселе облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен өткен тәртіптік комиссиясының отырысында талқыланды.

Берік Біләлов – СҚО ІІД бастығы:

-Осындай жайсыз жағдайлар мамандардың кәсіби деңгейінің төмендігін көрсетеді. Оның ішінде қазіргі заңнама мен нормативтік актіні білмеуі және қызметтік міндеттеріне жауапсыз қарау бар. Яғни, мемлекет жүктеген тапсырмаға салғырттықпен қараған.

Аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізілді. Нәтижесінде тәртіптік комиссия мүшелері ІІД-нің басшылығына заңды аттап өткен жол-көлік полиция қызметкерлерін жұмыстан шығаруды және олардың жетекшілеріне қатаң түрдегі жаза қолдануды ұсынды. Және заң бұзған кез келген тәртіп сақшысы жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Берік Біләлов – СҚО ІІД бастығы:

-Мұнда ІІД-індегі басшылар мен орынбасарларының барлығы жиылған. Енді сіздердің алдарыңызға қойылған мақсат бір. Яғни, аудандағы әр полиция бөлімшесі мен патрульдегі қызметкерлерге және күзет бөлімінің арнайы мамандарына да бүгінгі шешімді жеткізуге тиіссіздер. Өйткені, барлығымыз да заң алдында тең құқылымыз.

Отырыс нәтижесінде 3 адам ішкі істер органындағы қызметінен босатылып, 14 қызметкер қатаң тәртіптік жазаға тартылды.


 

Айгерим Ержанова