Құқық қорғау органдары

Салықтан қашқан кәсіпкерлер

Әлібек Төлепбергенов, СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы:

 

-Жыл басынан бері экономикалық тергеу қызметінде 390 қылмыстық іс тіркелген. Оның басым бөлігі – жалған кәсіпкерлік. Соның ішінде үлкен резонансты істер де бар. Мәселен, Ресей азаматының құрған үлкен ұйымы Петропавл қаласында орналасқан. Ал, ол жалған кәсіпкерлікпен құрылған болып шықты. Қазір іс сотта қаралып жатыр. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл көлеңкелі экономикаға жататын қылмыстар саны әлдеқайда артып отыр.

Өңірде қаржылық-экономикалық салада әртүрлі санаттағы 390 оқиға тіркелсе, оның 61-і – жалған кәсіпкерлік, 15-і заңсыз ойын бизнесі бойынша жасалған қылмыстар. Сондай-ақ, жыл басынан 2 казино әшкереленіп, 16 бірдей жалған ақша жасаушылар тобы құрықталыпты. Облыстық мемлекеттік кірістер департамент көлеңкелі экономикаға қарсы күрес басқармасының басшысы Амангелді Иманғалиевтің айтуынша, аталған барлық істер сотта қаралған.

Амангелді Иманғалиев, СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы:

-Қаңтар және ақпан айларында 3 бірдей қолдан ақша жасау фактісі тіркелді. Құрықталғандар 2 мың теңгені 35 купюрамен басып шығарған. Қазіргі күні ол азаматтардың кім екені анықталды. Істері сотта қаралып жатыр. Олар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмысты қорытындылаған мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары көлеңкелі экономикаға қарсы күресті бәсеңдетпейміз деп отыр.

 

Акбопе Танирберген