Балалар

СҚО «Мектепке жол» акциясы жүріп жатыр

Жалпы бүгінде СҚО бойынша мектеп жасындағы 9 мыңнан астам бүлдіршін көмекке зәру. Өткен жылы облысымызда бұл шара барысында 49 млн. 642 мың теңге қаражат оқушыларды қажетті киім, мектеп жабдықтарымен қамтуға жұмсалды. Бұл игі іс 2007 жылдан бері жүзеге асып келеді. Акция қыркүйек айының соңына дейін жалғаспақ.

Ғалия Ілиясова – СҚО білім басқармасының бөлім жетекшісі:

-Біздің басты мақсатымыз – аз қамтылған мектеп жасындағы балаларды анықтап, оларға көмек қолын созу. Жоспар бекітілді. Комиссия мүшелері құрылды. Балалардың тізімі де дайын. Енді бүлдіршіндерге мектепке жиналуға қол ұшын созамыз. Аталмыш шара қыркүйектің 30-на дейін жалғасады. 

 

Айгерим Ержанова