Құқық қорғау органдары

“Мигрант” жедел алдын-алу шарасы жүргізілуде

Қанат Даненов, СҚО ІІД көші-қон полициясы басқармасының аға инспекторы:

-“Мигрант” жедел-алдын алу шарасы барысында – базарлар мен Солтүстік Қазақстан арқылы өтетін көлік тасымалдарын тексеріп жатырмыз. Сондай-ақ, Петропавл қаласы аумағында орналасқан шетелдіктердің мекен етуі мүмкін деген жеке мекен-жайларды да назардан тыс қалдырмадық.

Шара басталғалы полицейлер – жатақхана, құрылыс орындары сынды 3 500-ден артық нысанды түпкілікті тексеріп шыққан. Олар рейд барысында мұндай мекендерді тінтуден бөлек, шетел азаматтарына заңнаманы түсіндіріп, уақытша мекен еткен жерлеріндегі қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалайды.

Акбопе Танирберген