МТРА жаңалықтары

«Экзотика джунглей» көрмесі ашылды

Сыртқа шығып, осылай адамдардың қолында жүргенді ұнатады. Торында дамыл таппай отырғандардың тағы бірі – Ева есімді маймыл. 17 жастағы ересек Макакаға тым жақын келуге болмайды. Ол бәрін қолмен ұстағанды жақсы көреді екен. Сондықтан байқамай шап беріп ұстап алуы мүмкін. Көрмеде ірі жылан – Питондардың да 5 түрі бар. 3-уі кішкентай болса, екеуі үлкен.

Фарид Шамсутдинов- көрме ұйымдастырушысы:

-Мына Питон бізде кішкентай кезінен бастап өмір сүреді. Мұндай жыландар өте жиі кездеседі. Түсі ақ болғандықтан, оларға табиғатта жасырыну қиын. Сондықтан негізінен олар циркте, хайуанаттар бағында кездеседі. Өте сүйкімді, әрі момын жыландар болып табылады.

Данил Тышенко мұнда әжесімен келіпті. Осындай хайуандарды көруді бұрыннан армандаған. Тіпті, үйдегілер рұқсат берсе, өзім де асырап бағуға даярмын дейді.

Данил Тышенко:

-Маған көрме қатты ұнады. Питон мен қолтырауынды алғаш рет көріп отырмын. Қызықты екен. Бұрын маймылдарды ақылды, момын деп ойлайтынмын. Алайда мынау сондай сабырсыз, әрі ашушаң болып шықты.  

Көрермендердің келгенін сезгендей кейіп танытып жатқандардың ішінде тасбақалар да бар. Қатты қозғала қоймаса да, басын көтеріп, жұртпен амандасып жатыр.

Мағжан Ахмадина:

-Бұл Ніл қолтырауыны. Оның жасы 16-да. Хайуан тағам талғамайды. Еттің барлық түрін жей береді.

Тропикалық жануарлар табиғатты аңсағанымен, мынадай тар, шыны торларда өмір сүруге әбден дағдыланып алған. Оларды далада кездестіру қорқынышты болса да, мұндағылары еш қауіп туғызбайды.

Фарид Шамсутдинов- көрме ұйымдастырушысы:

-Көрмеге 20-ға жуық жануарды жеткіздік. Біз әрқайсысының мінез-құлқын білеміз. Сондықтан қашан тамақ беру және торды ашу-ашпау қажеттігін олардың қимыл-қозғалысына қарап шешеміз. Жыландар 20-30 күнде бір тамақ ішсе, өрмекшілердің күн-сайын құрт-құмырсқа, тарақандары дайын тұрады. Жалпы келушілердің қауіпсіздігі үшін де барлық жағдайлар жасалған.

Көрме қыркүйек айына дейін жұмыс істейтін болады.


 

Магжан Ахмадина