Қоғам

Ана сүті – бала үшін ең құнарлы ас

Юлия Мартынова, Балаларды омырау сүтімен тамақтандыру бойынша кеңесші:

-Қазір бүкіләлемдік “балаларды омырау сүтімен тамақтандыру” апталығы жүріп жатыр. Шара біздің қаламызда төртінші рет өткізілуде. Баланың анаға жақын әрі дені сау болып өсу үшін – омырау сүтімен тамақтануы маңызды. Қазір көп келіншекетер жұмыс істеймін деп жүріп баласына көңіл бөлмей, тамақтандыруды ұмыт қалдырып жатады. Сондықтан, біз аналарды әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз арқылы бүгінгі жиынға шақырып, кеңес беруді жөн деп санадық.

Мұнда келген Әсел Шакимованың қос ұлы бар. Ол ана сүтін бала үшін ең құнарлы ас санайды. Сондықтан да тұңғышы Қасымды кіші ұлы дүниеге келгенше кеуде сүтінен айырмаған. Ал, бір жарым жастағы кенжесін әлі күнге дейін емізеді.

Әсел Шакимова:

-Ана сүті – бала үшін ең нәрлі ас. Бұдан бөлек жылап мазасы кеткен баланы алдаусырату құралы болып табылады.

Бүгінгі шараға 20-дан артық нәзікжанды жиылды. Олар көңілді әрі пайдалы басқосудың аяғында естелік суретке түсті.

 

 

Акбопе Танирберген