Балалар

Сырқат балақайлар көмекке зәру

Бұл мақсатта қор өкілдері Шаталов ескерткіші маңындағы алаңға қаражат салатын жәшік орнатты. Бұл маңайдан өткен тұрғындардың көңілін аудару үшін, еріктілер тобы би флешмобын да ұйымдастырған. Сондай-ақ, осы жерде қайырымдылық лотореясы ойнатылды. Ұтыс билетінің құны – 100 теңгені құрады. Айта кеткен жөн, бұл шара “Мен мейірімділік” марафонының аясында өткізіліп отыр.

Наталья Сапченко, «ОРиДИ» ҚБ үйлестірушісі:

-Қайырымдылық шарасы – “балаларға кино сыйла”, “Арман сыйла” сынды бірнеше акциядан тұрады. Оған қоса тамыздың 30-ы ірі көлемдегі ақтық жүгіру шарасы өтеді. Біз оған қала тұрғындары мен қонақтарын міндетте түрде қатысуға шақырамыз. Сондай-ақ, еріктілер тобы балаларға көмек қолын созуда белсенділік танытса дейміз. Бұл күні үлкен концерт ұйымдастырылып, сыйлықтар ойнатылады.

 

Акбопе Танирберген