Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс орталығындағы жолдар жөнделуде

Анатолий Юркин- «Су-808» ЖШС директорының орынбасары:

-Егер ауа райы мүмкіндік берсе, барлық жұмыстарды уақытылы аяқтаймыз. Суық түскенше жасап тастаймыз. Әзірге проблема жоқ. Өзіміздің асфальт заводымыз бар. Сондықтан шикізатты жеткізуде қиындық туындамайды. Бұдан кейін Жұмабаева көшесіне ауысамыз.

Қазір учаскеде 25 бірлік техника жұмыс жасауда. Серіктестікте 15 жылдан астам уақыт бойы еңбек ететін Николай Кундель асфальт төсегіш көлікті тізгіндейді. Ол бұрынғы машиналармен заманауи техниканың айырмашылығын сезініп үлгерген.

Николай Кундель- «Су-808» ЖШС машинисті:

-Жаңа техника барлығын сапалы жасайды. Сондықтан жұмыс та біраз жеңілденді. Әрі бір учаскені тез аяқтап, келесіге көшесің. Жалпы барлығы көңілден шығады.

Бұдан бөлек мұнда жаңа жиектастар орнатылып жатыр. Ұсақ тас пен бетоннан құйылғаны бұрынғы гранит материалына қарағанда тиімді әрі арзан болып табылады. Жалпы бұл қаладағы орталық көшелердің бірі. Сондықтан ағылған көлік пен адамдар үшін жолдың жабылғандығы ыңғайсыздық туғызуда. Десе де, петропавлдықтар жөндеу жұмыстарының басталғанына қуанышты.

-Жүруге де ыңғайлы, әрі жақсы болды.

-Жолдарды жөндеп жатқанына қуаныштымыз.

Жалпы қыс түскенше қаладағы 10 шақты көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Ол мақсатқа мемлекеттік бюджеттен 2 млрд теңге бөлініпті.

 

Магжан Ахмадина