МТРА жаңалықтары

Өңірде кәмелетке толмаған жеткіншектер арасында жасалатын қылмыстар саны қысқарды

Несібелді Жәнібекова – Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы

– 2014 жылы кәмелетке толмаған балалар мен жеткіншектерге қатысты 19 қылмыстық іс қаралған. Нәтижесінде жасөспірімдердің барлығы сот алдында жауапқа тартылып, 16-сы бас бостандығынан айырылды. Ал 2013-те балалардың қолымен жасалған 38 іс қаралды.

Жылдың соңында сотқа жеткен қылмыстық істің бірі кәмелетке толмаған екі қызға жәбір көрсеткен теріскейлікке қатысты. Бұл жан түршігерлік оқиға облыс аудандардың бірінде орын алыпты. Енді арам ойын жүзеге асырмақ болған азамат өмірінің 7 жылын темір тордың ар жағында өтемек.

Несібелді Жәнібекова – Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы

– Аталған қылмыстық істі жасады деген күдікпен ұсталған сезіктінің қылмысқа қатысы сотта толық дәлелденді. Қылмыстық іске соңғы нүкте қоймас бұрын, олардың ата-аналарынан жауап алдық. Сот процесі барысында зәбір көрген екі қызбен тілдесуге психологтар тыйым салды. Дегенмен қылмыстық істі зерттей келе, соңғы нүкте қойдық. Қазірде қылмыскер жазасын өтеуде.

Сондай-ақ, былтыр Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары балалар арасында жасалатын әкімшілік, қылмыстық істерді болдырмау мақсатында түрлі кездесулер өткізген. Оған қоса облыстағы бұқаралық ақпарат құралдары мен газет беттерінде 32 мақала жарық көрді.

 

Бакыт Садуакасов.