Қоғам

Көлік қызметкерлерінің күні

Залда отырған осы жандардың арқасында кез келген жан діттеген елді-мекен, қала тіпті шет ел асып кете барады. Көлік тізгіндеген бұл азаматтардың жұмысы маңызды, қиын әрі өте жауапты. Өңірде жүргізуші, механик, диспетчер, машинист және пилот сынды мыңдаған адам күн сайын тұрғындарға қызмет көрсетеді. Ең алдымен олардың барлығын кәсіби мерекелерімен облыс әкімі Ерік Сұлтанов құттықтады. Өз сөзінде өңір жетекшісі сапалы көлік байланысының халық тұрмысын жақсартудағы рөлі ерекше екендігін атап өтті.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі:

-Құрметті көлік саласының қызметкерлері! Баршыларыңызды көлік саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтаймын. Бүгінде елімізде, әуе, теміржол қатынасын дамыту бағытындағ үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл смаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көрсетілген қызметті сапалы ету жолындағы сіздердің ерен еңбектеріңізге алғысымызды білдіреміз.

Салтанатты құттықаудан соң аймақ басшысы көлік саласы қызметкерлерін марапаттауға кірісті. Ең алдымен ҚР инвестициялар және даму министрлігінің «Құрметті автокөлікші» және «Үздік автокөлікші» төсбелгілерімен 2 солтүстікқазақстандықты марапаттады. Соңғысына «Петропавловск-Nord» ЖШС жүргізушісі-Андрей Ильюхин ие болды. 30 жылдан астам уақыт бойы көлік тізгіндеген жан, қалалар арасында жолаушы тасымалдайды.

Андрей Ильюхин- «Петропавловск-Nord» ЖШС жүргізушісі:

-Қазір барлық жұмыс істеп жүрген техника жаңа. Бұрынғымен салыстыруға келмейді. Қызметіміз біраз жеңілденді. Бір айта кетерлігі, жолаушылар бізге түсіністікпен қарап, еңбегімізді бағаласа екен дейміз.

Кейін тағы 10 адам СҚО әкімінің құрмет грамотасына және 16 солтүстікқазақстандық алғыс хаттарға ие болды.

Абай Қайырбаев- «Қайырбаев» ЖК директоры, Мамлют ауданы:

-Менің көп жылғы ерен еңбегімді марапаттап, лайық деп тапқандарыңызға алғысымды білдерімен. Отанымыз әрі қарай көркейе берсін. Әлі де өз үлесімді қосуға тырысамын. Станавое селосынан Новомихайловкаға дейін асфальт жолдар жасалуда. Сіздерге сол үшін көп рахмет.

Салтанатты марапаттаулардан соң мереке иелеріне ән-шашу ұсынылды.

Күн сайын автомобиль және темір жолдар, әуе тасымалы арқылы он мыңдаған адам көздеген мекенге жеткізіледі. Тағы 130 мың тоннадан астам жүк тасымалданады. Барлығы осы жандардың қажырлы еңбегінің арқасында. Күннің аптап ыстығы мен үскірік аязында да бұл жандардың көлігі сайлаулы тұрады.

 

 

Магжан Ахмадина