МТРА жаңалықтары

СҚО кәсіпкерлер палатасы бизнесмендерге 8 қызмет түрі бойынша тегін кеңес береді

Марат Ысқақов, СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

-Бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізу, кедендік рәсімдер, маркетинг, менеджмент жүйесін енгізуге байланысты және ақпараттық технологиялар мен мемлекеттік сатып алулар бойынша кеңестер тегін беріледі. Ақысыз қызметттердің жалпы саны 8. Сервистік қолдау Петропавлдағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен кәсіпкерлер палатасының аудандардағы филиаладарында жүзеге асырылады.

Бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы облысымызда үстіміздегі жылдың шілде айында қолданысқа енгізілді. Сол уақыттан осы күнге дейін сервитік қолдауға 215 бизнесмен жүгініпті. Соның 75 пайызы бухгалтерлік және заңға байланысты қызметтер бойынша кеңес алған.

Руслан Ибрагимов, “BP Analytics” ЖШС өкілі:

-Бұдан басқа біз бизнесін жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлердің жобасын қарастырамыз. 2-ші деңгейлі банктерден несие алуға қажетті құжатарын рәсімдеуге көмектесеміз. Көбінесе ауданан келетіндердің үлесі басым. Олар мал шаруашылығымен айналысқысы келеді. Бізде жалпы 10 кеңесші бар . Олар жұмыстарын жедел әрі сапалы атқарады. Біз жобаны кемі 1 ай қарастырамыз.

Станислав Леус кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына жиі келеді. Петропавлдық бизнесмен орталықтан салықтық есеп, қаржы сұрақтары бойынша көп кеңестер алады. Өз ісін 2 жыл бұрын бастаған Станислав Леус осы күні жеке және заңды тұлғалардан тапсырыс алып, облыс орталығы мен Бескөл ауылында жылу құбырлары мен үйлерді пенополиуританмен қаптайды.

Станислав Леус, “Теплострой” ЖК бас директоры, Петропавл қаласы:

-Қаржылық мәселелер бойынша түрлі сұрақтарға жауап алу үшін бұрындары түрлі мекемелерге баратынмын. Ал қазір облысымызда кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылғалы уақытымды біраз үнемдейтін болдым. Әрі мұнда біліктілігі жоғары мамандардан дұрыс кеңес алатыныма сенмідімін. Олардан кеңес алған соң менде бөтен сұрақтар ешқашан туындаған емес.

Жалпы бүгінде өңірімізде 25 900 адам шағын және орта бизнеспен айналысады.

 

 

Берик Касен