Аптадағы маңызды жаңалықтар

Жуырда «Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы» құрылмақ

Тұрар Ысқақов- СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры:

-Біз кәсіпкерлерді сауланмаға белсенді қатысуға шақырамыз. Ол нақты пікірлерді ескеруге септеседі. Кейін біз ұсыныстарды қабылдап, картаның жұмысын жақсарта түсуді көздейміз.

Қазір кәсіпкерлік жайлы барлық ақпараттар жиналып жатыр. Мамандар 7 мыңнан астам бизнес субъектісін сұрастырып, жаңашылдықтың оларға тиімділігі жайлы айтуда. Яғни, картаны жасауда өз ісін дамытып жатқандардың пікірі ескерілетін болады. Керекті сауалдар жыл соңына дейін жиналады. Кейін ол іріктеліп, карта құрылмақ.

Айдын Керімбек- СҚ кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы:

-Бұл барлық Қазақстан аумағында жасалып жатқан карта. Оны «Атамекен» және кәсіпкерлер палатасы жасауда. Ол электрондық-цифрлық форматта болады…. Бір конпканы басып барлық ақпаратты білуге болады. Онда облыс туралы және инвестициялық тартымдылық жайлы ақпаратты білуге болады. Әрбір жеке саланы көруге болады.

Карта барлық адамдар үшін қолжетімді болмақ.

 

 

Магжан Ахмадина