МТРА жаңалықтары

СҚО жаңа почталық индекс енгізілді

Елена Никлевич – «Қазпочта» АҚ СҚОФ почталық технология бөлімі басшысының орынбасары:

-«Қазпочта» АҚ «жаңа почталық индекс» атты жобаны іске қосты. Бұл жоба почта қызметкерлерінің жұмысын жеңілдете түспек. Яғни, хаттарды тез іріктеп, адресатқа уақытылы жеткізу үшін ыңғайлы. Бұл жоба Астана мен Петропавл қалаларының арасында жіберілді. Осы жаңашылдық үшін жаңа конверттер де дайындалды. Бұрындары 6 ұяшық болса, қазіргісінде жетеу.

Сандар мен әріптерден құралған жаңа индекс енді 7 ұяшығы бар конверттің сыртына жазылатын болады. Бұл хаттың адресатқа тез әрі уақытылы жетуіне ықпал етеді. Аталмыш жоба әлемге де аса таныла қоймаған. Қазақстандықтар бұл жаңашылдықты Америка мен Ұлы Британия елдерінің тәжірибесіне сүйеніп алып отыр.

Елена Никлевич – «Қазпочта» АҚ СҚОФ почталық технология бөлімі басшысының орынбасары:

-Бүгінде біздің операторлар клиенттермен ақпараттандыру жұмысын жүргізуде. Оларға бұның пайдасы түсіндірілуде. Бүгінде қаламызда орналасқан «Қазпочта» АҚ 12 бөлімшесіне жаңа индекс берілді. Толық ақпаратты www.postcode.kz сайтынан ала аласыздар.

Бұл пилотты жоба қыркүйек айына дейін сыналмақ. Егер де жаңа индексті қазақстандықтар толығымен игеретін болса, онда елімізде орналасақан әр үйге жеке жаңа индекс беріледі.

 

 

Айгерим Ержанова