Спорт

Солтүстікқазақстандықтар гір спорты бойынша Еуропа чемпионатында күміс жүлде иеленді

Сондай-ақ, осы күні Петропавлда өткен жазғы президенттік көпсайыстың жеңімпаздары белгілі болды. ҚР-сы чемпионатында жүлделі орындарға 9 өңірден жиыны 150 мықты таласқан болатын. Алайда, жарыста солтүстікқазақстандық Азат Рамазанов, Артур Сапаев, Александр Горбачев және Александр Наумов ешкімге есе жібермей, топ жарып Қазақстан чемпионы атанды. Жарыс қорытындысы бойынша жасөспірімдер арасында жалпы командалық есепте жерлестеріміз алаң қожайындары екенін дәлелдеп, жеңіс тұғырына көтерілді. Одан кейінгі орынға Қостанай облысының құрамасы жайғасты. Ал үздік үштікті қарағандылықтар түйіндеді – деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқарамасының баспасөз хатшылығы.

 

Берик Касен