Қоғам

Петропавлда кезекті бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Данияр Әбутәліп, СҚО Жастар бастамалары орталығының директоры.

-Студенттерге 100-ден астам мамандық түрін ұсыналуда. Оның ішінде құрылысы, медидина салалары да бар.

Жастар көбінесе қоғамдық көлікпен қатынайды. Сондықтан, ұйымдастырушылар бұл жолғы шараны автобустарда өткізгенді жөн санаған. Олар колледждерге қатынайтын қоғамдық көліктерді әдейі таңдап, оқудан тыс уақытта ақша табуға құлықты 150 жасқа жұмыс берушілердің мекен-жайы мен телефон нөмірлері жазылған парақшалар тартатты.

Осы күні қалалық мәдениет үйінде тағы бір бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Ағымдағы жылы бұл шара осымен 10-шы рет ұйымдастырылып отыр. Бұл жолы қаланың 28 кәсіпорны 350-ден астам маманды қызметке алатындарын айтуда. Мұнда тұрғындарға көбінесе жүргізуші, темір ұстасы, электрдәнекерлеуші, дәрігер мамандықтары ұсынылды.

Элмира Каипова, Петропавл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы орынбасарының міндетін атқарушы.

-Қазіргі кезде құрылыс пен техникалық мамандықтар сұранысқа ие. Сондай-ақ, мектепке дейінгі білім беретін мекемелерге түрлі мамандығы бар қызметшілер қажет. Ағымдағы жылы ұйымдастырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкелерінің қорытындысы бойынша 428 жерлесіміз тұрақты еңбекпен қамтылған. Сонымен қатар, осы шараларда тағы 80 мүмкіндігі шектеулі жан екі қолға бір күрек тапты.

Жанар-жағармай бекеттерін сұйық отынмен қамтамасыз ететін “Гелиос” ЖШС-де бүгін осы бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысуда. Олар мұнда екі қолға бір күрек іздеп келгендерге есепші, оператор сынды 5 қызмет түрін ұсынды. Бүгінде қаланың кейбір балабақшасына әлі күнге дейін психолог, музыка жетекшісі, хареограф сынды маман иелері жетіспейді екен.

Айнұр Даниярова, “Балауса” бөбекжай-балабақшасының әдіскері.

-Біздің мекеменің ашылғанына 1 жыл толған жоқ. Содан болар мамандар да біздің мекеме жайлы аса біле бермейді. Бізге психолог, спорт нұсқаушысы, еден жуушы қажет.

Мұнда келгендердің көпшілігі өз мамандықтары бойынша жұмыс істегісі келеді. Махамбет Саттаров биыл Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы қазақ агро-техникалық университетін “Жылу энергетикасы” мамандығы бойынша тәмамдаған. Ол келешекте табысы мол жұмысқа орналасқысы келеді сондықтан, бүгін түйіндемесін “СевКазЭнерго” компаниясының өкіліне тапсырып кетті.

Махамбет Саттаров, жұмыс іздеуші, қала тұрғыны.

-Астанада жұмыс табалмағандықтан петропавлға келдім. Бүгін “СевКазЭнерго” компаниясына түйіндеме қалдырды. Алда табысы мол, тұрақты жұмыс табамын деген үмітім бар.

Келесі бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі қалалық мәдениет үйінде қазанның 22-сі өтеді.

 

 

Берик Касен.