Әр түрлі

“100 нақты қадам” Ұлт жоспарын іске асыру мәселелері талқыланды

Бұл мәселені мемлекеттік орган басшылары, облыстық мәслихат депуттары, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен зиялы қауым өкілдері талқылып, ұсытыныстарын ортаға салды. Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қуаныш Асылов, саяси құжаттың маңыздылығына тоқталып өтті.

Қуаныш Асылов – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

-Бұл құжат мемлекеттік құрылыстың “100 нақты қадамы” ғана емес, оны орындау баршамызға міндет болып табылады. Ұлт жоспарының негізгі мақсаты – әр қазақстандықтың, осы залда отырған баршамыздың игілігіне бағытталған шараларды жүзеге асыру. 2050 жылы дамыған 30 елдің қатарына ену мен экономикалық ынтымақтастықты пен даму ұйымы елдерінің стандарттарын енгізу.

Елбасы ұсынған нақты қадамдарда этносаралық қарым-қатынасты нығайтуға баса көңіл бөлінген. Қазақстан көпұлтты мемлекет. Ұлттар тату болса, елдің іргесі де бүтін болады. Мұны бүгінге жиынға қатысушылар еліміздің әр азаматына жеткізуіміз керек деп отыр.

Александр Платко – «Свитанок» СҚО украин мәдениеті” ҚБ төрағасы:

-Біздің этномәдени бірлестіктердің алдында аймақтық мәдени-туристік кластерді құру тапсырмасы айқындалған. Теріскей жері осындай баға жетпес орындарға тұнып тұр. Бұны әлем халқына көрсетуіміз керек.

“Асыл мұра” орталығының жетекшісі Таңат Сүгірбаев маңызды құжат Қазақстанның әлем аренасындағы беделін арттыра түсетіндігіне сенімді.

Таңат Сүгірбаев – “Асыл мұра” орталығының жетекшісі:

-“100 қадамды” айтқан кезде Елбасының сөзі бар, 5 институттық реформаның әрқайсысына 20 қадамнан, сонда барлығы 100 қадам шығады. Міне, сондықтан бұған ешбір бас ауыртудың керегі жоқ. Дегенмен, нағыз іскерлік керек. Жасампаздық керек. Жұмыла кірісу қажет. Еліміздің басқа елдермен салыстырғанда экономикамыз жақсы дамып жатқандығы белгілі, елімізде үлкен өзгерістер болатынын сезіп отырмыз.

Іс-шараға жиналғандар “100 нақты қадамды” атқару баршамыз үшін маңызды стартегия деген пікірде тарқасты.

 

 

Бакыт Садуакасов