Бизнес және экономика

“100 нақты қадам” бағдарламасын кәсіпкерлерге түіндіру

Тамара Исмаилова – “Исмаилова” ЖК директоры:

 

-Сауда жасау жеңілдеді. “100 нақты қадам” белгіленгелі бері өзіміздің құқығымызды толықтай қорғай аламыз.

Облыстық “Іскер әйелдер қауымдастығының” мүшелері мұндағы әрбір кәсіпкерге Ұлт жоспарының бағыттарын түсіндіруде.

Елбасының “100 нақты қадам” бағдарламасында кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау үшін бизнес-омбудсмен институтын нығайту мәселесі нақты жазылған.

Вероника Дымченко – “Дымченко” ЖК директоры:

-“100 нақты қадам” қабылданғалы мен жобамен жіті таныстым. Мұнда кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау толықтай жазылған. Осыдан-ақ, бизнесіміздің өркендеуіне барлық жағдай жасалды десем де болады. Енді еш уайымсыз жұмыс жасаймыз. Санкциялық тексерістер азайды.

Жалпы, қаламыздағы орталық көтерме базарында 450-ден аса кәсіпкер өздерінің саудаларын дөңгелетіп отыр.

 

 

Култанов Байболат