Әр түрлі

2015 жылдың I-жартыжылдығында СҚО экологиясына 7 млн. теңгенің залалы келтірілген

Елді-мекендерде оны реттейтін қатты қалдықтар палигоны жоқтың қасы. Облыста 630 қоқыс алаңы болса, оның тек 10 ғана заңды түрде рәсімделген. Осы мәселені бір жақты ету үшін өңір экологтары облыстық әкімдікке қатты қалдықтар өңдейтін зауыт ашу туралы ұсыныс айтыпты.

Азамат Бектасов, СҚО бойынша экология департаменті жетекшісі орынбасарының уақытша міндетін атқарушы:

-Облысымыздағы біраз елді-мекендерде тұрғындар қоқысты кез келген жерге төгіп жүр. Салдарынан жылына шамамен орташа алғанда 400 тонна қоқыс ауаны ластауда. Қазір инспекторлар заң бұзған тұлғаларды жауапқа тартып, рұқсат етілмеген жерлерге төгілген қоқыстарды тазартуға міндеттедік. Жергілікті билікке олқылықты жою туралы хат жібердік. Бүгінде өңір экологтары қоқыстарды басқару туралы арнай бағдарлама құрды. Соның негізінде өңірімізде қатты және тұрмыстық қалдықтар өңдейтін зауыт ашу жоспарлануда.

Елді-мекендердегі бей-берекетсіз шашылып жатқан қоқыстардан бөлек өңір атмосферасын “Севказэнерго” АҚ-ның Петропавл 2-ші жылу электр орталығынан шыққан түтін ластайтын көрінеді. Жыл басынан экологиялық инспекция табиғатты ластаған мекемелерге тексеріс жүргізіп, лауазымды тұлғаларды жауапқа тартты.

Азамат Бектасов, СҚО бойынша экология департаменті жетекшісі орынбасарының уақытша міндетін атқарушы:

-Жыл басынан экологиялық инспекция 73 тексеріс жүргізген. Соның нәтижесінде 113 заң бұзушылық анықталды. Жауапты лауазымды тұлғаның 105-іне жалпы құны 7 миллион теңгенің айыппұлы салынды. Бүгінде оның 90 пайызы өндіріліп алынды.

Осы күні СҚО бойынша экология департаментінде табиғатты ластауға қатысты 32 тұлғадан келіп түскен шағым қарастырылу үстінде.

 

 

Берик Касен