Білім

Ұлт жоспары білім беру саласының алға жылжуына жол ашпақ

Ләззат Бөлебаева – ҚР Білім және Ғылым Министрлігі Білім және Ғылым саласын бақылау бойынша Комитеті төрағасының орынбасары:

-Бүгінде Білім және Ғылым саласындағы 7 қадамды іске асыру бағытында нақты тапсырмалар белгіленді. Нақтырақ айтсақ, алдағы жылдары білім саласындағы жоғары технологиялық кластерді дамыту, біртіндеп 12 жылдық білім беру бағдарламасына көшу жоспары тұр.

Президенттің “100 нақты қадамы” білім мен ғылымның тамырына қан жүгіртпек. Алқалы жиында қазақстандық мектептердің 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жайы да талқыланды. Қазірде көп тіл білу – заман талабы. Айтар болсақ, мемлекетімізде ағылшын тілін жетік меңгеруге ден қойылған. Бұл әрине, жақсы көрсеткіш, – деді елордалық мейман. Дейтұрғанмен, ел бойынша осы пәннен сабақ беретін мамандар тапшы.

Ләззат Бөлебаева – ҚР Білім және Ғылым Министрлігі Білім және Ғылым саласын бақылау бойынша Комитеті төрағасының орынбасары:

-Еліміздегі мектептерге 22 мыңнан астам ағылшын тілі пәнінің оқытушылары жетіспейді. Қажеттілікті жою мақсатында биыл жоғары оқу орындарында ағылшын тілі мамандығына грант санын арттырдық.

Жиында талқыланаған сұрақтарға қатысты мектеп директорлары өз ұсыныстарын жасады. Мысалға, есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық мектеп-интернат директоры Жангелді Тәжин, елімізде әлі күнге дейін мүгедектерге арналған білім беру стандартының жоқтығын алға тартты.

Жангелді Тәжин – есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық мектеп-интернат директоры:

-Шет мемлекеттерде осындай балалардың олардың нақты қойылған стандарты бар. Айтарымыз, білім министрілігінде осы “100 нақты қадамда” осы бізге қойылған міндеттерді қосса десе деп есептеймін. Өмірілк тәжірибемнен белгілі, осы мүгедектердің өмірге бейімделіп, қоғамға енуі әлі күнге өткір тұрған мәселелердің бірі.

Министрлік өкілі бұл мәселені алдағы тамыз конференциясында көтеретінін жеткізді. Жоспар айқын, нақты тапсырмалар бар. Енді тек Елбасы қойған міндеттерді бірлесіп орындау ғана қалды. Жиын түйіні осы.

 

 

Бакыт Садуакасов