Көлік және жолдар

Петропавлда көшелер жөндеуден өтуде

Тамара Нетесова, қала тұрғыны:

-Осы көшеде 50 жылдан бері тұрамын. Әрине, мұндай жөндеудің жүргізіліп жатқаны жақсы. Әйтпесе, жаңбырдан соң жолды су алып, біраз кеппей тұратын. Бұл жерге тас бірнеше жыл бұрын төселді. Бірақ, мына қалпына қайта келді. Жөндеуден өткен соң енді жүріп-тұруымыз жеңілдейтін болды.

Қазір жолдардың топырағы қопсытылуда. Автогрейдер техникасының көмегімен жердің беті тегістеліп болған соң үстіне ұсақталған тас төселеді. Бұл маңда барлығы 5 техника жұмыс істеуде.
Көшелердегі жол жөндеу жұмыстарын іске асырып жатқан “ПетроBuіlding” серіктестігі. Сондай-ақ, қос бірдей қосалқы мердігерлер – “СУ-808” және “Титан Север” кәсіпорындары жұмылдырылған.

Татьяна Игнатьева, “ПетроBuіlding” ЖШС директоры:

-Ауа райының қолайсыздығы біраз кедергі келтіруде. Дегенмен, бірнеше көшені бір уақытта жөндеп жатырмыз. Жұмыс аяқталған жердің тұрғындары алғысын білдіруде. Бүгінге дейін, Ватутин, Калюжная, Қопай, Лазутин, Морозов және тағы біраз көшеге қиыршық тас төселінді.

Жол жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен барлығы 131 млн теңге қарастырылған. 40-қа жуық көшені жөндеуге бөлінген қаржының бүгінде 96 пайызы игеріліпті.


 

Акбопе Танирберген