Құқық қорғау органдары

Облыс полицейлері “Барымта” жедел-алдын алу шарасын өткізуде

Оны базарлардың бірінде саудаламақ болған азаматтың әкеле жатқан етіне де, астындағы көлігіне де қатысты құжаттары дұрыс емес болып шыққан.
Енді сиыр етінің қайдан алынғаны анықталысымен, бірден жазалау шарасы белгіленеді.

Сағындық Жантеміров – СҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі:

-Жедел алдын алу іс шарасы кезінде тек облыс орталығында 29 автокөлік тексерістен өтті. Барлығы бес әкімшілік хаттама толтырылды.

Жыл басынан бері Петропалда 71 мал ұрлау фактісі тіркелген. Қылмыстың көбі жайылымда жүрген мал қараусыз қалған кезде жасалады екен.

Әбілсейіт Жолаушин – СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:

-СҚ аймағында шілденің 23 мен 25-і аралығында “Барымта” іс-шарасы өткізілуде. Негізгі мақсаты – мал ұрлау қылмысымен күресу. Бүгінде бақылау бекеттерінде әкімшілік полиция қызметкерлері мал таситын көліктерді тексеруде.

Шара облысымызда шілденің 25-не дейін жалғаспақ.

 

 

Айгерим Ержанова