Құқық қорғау органдары

Қоғам дертімен жан-жақты күрес

Оларға берілетін жауап арнайы конвертке салынады. Ал мұның сыртында жемқорлыққа жол берген тұлғаларға қарастырылған жауапкершілік жайлы ақпараты бар конверт жолданады. Ведомства мамандары қылмыстық кодекстің 3 бабы – пара алу мен беру және бұндай заңбұзушылыққа делдал болу үшін қолданылатын жаза -адамдардың сана-сезіміне әсер етеді деген сенімде.

Рүстем Байжанов – ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің кеңесшісі:

-Конверттің сыртқы бетіне жемқорлық фактілеріне жол берген тұлғалар заңға сәйкес жауапқа тартылатындығы айтылған. Қазіргі уақытта Заң қанша күшейтілгенімен де, бармақ басты көз қыстылыққа жол беретіндер саны тыйылмай тұр. Ал біз жолдайтын хат сыртындағы ескерту мәселені ақшамен шешуді әдетке айналдырғандарға ой салуы тиіс.

Айта кетейік, бүгінге дейін мұндай ескертуі бар конверттің 1000 шақты данасы басылып шыққан екен. Бұл да қоғам дертіне айналған жемқорлық және парақорлықпен күрестің бір тәсілі болса керек. Бастаманың қаншалықты тиімді болатынын уақыт көрсете жатар.

 

Бакыт Садуакасов