Әр түрлі

Петропавл темір жол вокзалына жолаушы жүктерін тексеретін рентген аппараты орнатылды

 

Сондықтан мұнда әдеттегіден халықтың қарасы қалың. Осы орайда темір жол кеңселерінде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды. Жуырда Петропавл темір жол вокзалына жолаушы жүктерін тексеретін рентген аппараты орнатылды. Онымен мамандар вокзалда күдік тудырған адамның сөмкесі мен жүгін санаулы минуттардың ішінде тексере алады. Бұдан бөлек қоғамдық орында металл іздейтін 4 бірдей қауіпсіздік жақтауы орнатылған. Ол келген-кеткен адамның санына есеп береді.

Елена Брюхова:

-Адамдардың қауіпсіздігі үшін алаңдағандары қуантады. Қазір суық қару, өзге де рұқсат етілмген заттарды поездар арқылы тасымалдайтын неше түрлі адамдар бар. Сондықтан сақтықта қорлық жоқ дегендей, ондай жағдайлардың алдын-алға дұрыс.

Рафик Рагимов:

-Ел азаматтарын және шетелдіктерді содырлардың түрлі тосын әрекетінен қорғау үшін қауіпсіздікті күшейткен дұрыс деп есептеймін. Адамдар әр түрлі болады. Сондықтан қауіптің қай жерде күтіп тұрғанын сезбей де қаласың.

Берик Касен