Аптадағы маңызды жаңалықтар

Еліміз бойынша ЖОО құжат тапсыру науқаны басталды

Алтынбек Әділбеков – талапкер:

-ҰБТ-ді тапсырып, жалпы 101 ұпаймен М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің журналистика мамандығына құжаттарымды беріп отырмын. Грантқа түсемін деп үміттенемін. Шығармашылық емтихан тапсырып 50 балл, жалпы қосқанда 95 ұпай жинадым. 00:35-44/ Журналистика мамандығын таңдаға себебім, өзіме кішкентайымнан жақын мамандық. Мектепте әдебиет пәнін сүйіп оқыдым.

Бірі – журналист, бірі – дәрігер, ал кейбіреуі ұқстаздық жолды таңдауда. Түлектер болашағын айқындайтын сәтте қандай мамандыққа, қай оқу орнына түсетінін таңдай алмай дал болады. Іңкәр Сауырбаева болса, кімге, қайда түсетінін анықтап алған. Талапкердің бағыты – Астана қаласы, Еуразия Ұлттық университеті.

Іңкәр Сауырбаева – талапкер:

-Мен кішкентай кезімнен компьютермен әуестеніп жүрмін. Гумилев атынджағы ЕҰУ түсемін. Ол өте беделді және білім беру деңгейі өте жоғары деңгейде. Сондықтан мен сонда түсемін. Грантқа түсемін деп үміттенемін.

Қазір қабылдау комиссиясының жұмысы қауырт. Сол маңайды жағалап, кеңес сұрап жүргендер молынан. Бауыр еті баласының болашағын ойлаған ата-аналардың көбі ұл-қыздарын техникалық мамандыққа түсіруде. Өйткені жылда бұл салаға грант молынан бөлінеді. Бірақ биыл гуманитарлық бағытта да тегін оқу мүмкіндігі артыпты. Республика бойынша 30 мың мемлекеттік грант бөлінді ,- дейді қабылдау комиссиясының бас хатшысы Гүлмира Оспанова.

Гүлмира Оспанова – қабылдау комиссиясының бас хатшысы:

-Қабылдау комиссиясы шілденің 23-нен 31-не дейін жұмыс жасайды. 00:34-45/ Біздің университетімізде 50 мамандық бойынша білім алуға болады. Сондықтан бұл мамандықтың барлығына да грант бар. Журналистикаға да, құқықтануға да. Барлық мамандыққа грант қарастырылған. 00:52-01:03/ «Серпін» бағдарламасы бойынша бізге 300 грант берілді. 14 мамандық бойынша қабылдаймыз. Олардың барлығына жатахана беріледі.

Тегін білім алуға оқу ордасын таңдау үшін талапкер тиісті құжаттарды шілденің 31-не дейін тапсыра алады. Ал, мемлекеттік грантқа қол жеткізгендердің есімі тамсыз айының 10-ны белгілі болмақ.

 

 

Айгерим Ержанова