Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламалар аясында жеңілдетілген несиеге қол жеткізуде

Оның 8-і сауылады. Зеңгі баба төлінен күніне 30 литрдей сүт алатын жерлесіміз оның литірін 55 теңгеден жергілікті делдалдарға өткізеді. Олар шикізатты облыс орталығындағы сүт өңдейтін кәсіпорындарға жеткізеді. Экологиялық таза өнімнен азын аулақ табыс тауып отырған кәсіпкер келешекте сүтті сиырлардың басын 20-ға жеткізуді көздейді.

Ерғали Джакеев, жеке кәсіпкер, Қызылжар ауданы.

-Жыл сайын бұқаларды сойып, етке тапсырамыз. Ал сиырлардың сүтін жыл 12 ай 55-60 тг-ден делдалдарға өкіземін. Құдайға шүкір мемлекет тарапынан ауыл тұрғындарына күшті жәрдем беріліп жатыр. Кепілдікке қоятын дүниең болса, мал ұстауға қабілетің болса ал деп жатыр. Кепілдікке дүкен мен дәмхананы қойдым. Болашақта бұқаның басын 50-ге, қойдың басын 200-ге жеткізсем деген ойым бар.

Биыл 1-ші жарты жылдықта “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ-ның СҚФ-лы 160 солтүстікқазақстандық кәсіпкерге төмен пайызбен несие берді. Кәсіпкерлердің дені ауылда егін егумен айналысады, мал өсіреді және жеке техникалық қызмет көрсету стансасын ашқаны бар.

Олжас Сағындықов, “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ СҚФ несие менеджері.

-Жыл басынан “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ-ның СҚФ-лы “Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020” бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 300 млн. теңгеге жуық несие бөлді. Бұл қаржыға 160 жоба жүзеге асуда. Біз қаржыны 54 айға береміз. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі 6 пайызды құрайды.

Бүгінде Ерғали Джакеев 4 ауыл тұрғынын қысы-жазы тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Мал шаруашылығынан дамытудан бөлек, ол ауылда жеке дүкені мен дәмханасын ашқан. Бұл ісін домалату үшін де қандасымыз осыдан 3 жыл бұрын “Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020” бағдарламасы аясында қаржылай көмек алған.


 

Берик Касен.