ТЖ

Қоғамдық көліктен өрт шықты

Юбилейный көшесінің бойында орын алған апат жайлы өрт сөндірушілерге 13 сағат 16 минутта келіп түскен. Оқиға орнына бірден Петропавл қаласының 2-ші өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жетті. Отқа оранған 27-ші бағыттағы қоғамдық көлікті сөндіруге 1 техника мен 6 қызметкер жұмылдырылған. Өрт ошағы 10 минут ішінде ауыздықталды. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Қазіргі уақытта бұл оқиғаның себептері анықталуда.

 

Айгерим Ержанова.