Әр түрлі

Облысқа химия ғылымдарының академиктері келді

Сондай-ақ, мәртебелі меймандар облыс басшылығымен де кездесіп, өңірдің саяси-экономикалық дамуы жайында әңгіме өрбіткен. Ал бүгін жерлес академиктер құнды жәдігерлерге тұнып тұрған облыстық тарихи-өлкетану мұражайына ат басын бұрды. Бұл жерде мұражай қызметкерлері аға буын өкілдерін көрмеге қойылған экспонаттармен таныстырып, әр жәдігер жайында толық мәлімет берді. Өз кезегінде ғалымдар туған өңіріміздің күн санап гүлденіп келе жатқандығын алға тартып, аққайыңдар өлкесін жиі сағынатындарын айтты.

Еренғайып Шайхұтденов – ҚР ҰҒ Академиясының академигі, Алматы қаласы.

-Өткен күнге мән бермесек, бүгінгі күн болмайды. Ал бүгінгісіз келешек болмайды. Туған жеріміз, қанымыз тамған жер. Сондықтан бүкіл Солтүстік Қазақстан жерін 3-4 күн ішінде аралап шықтық. Бабаларымыздың жатқан жеріне барып, бата жасадық. Қаланы керемет көтеріп жатыр. Оған да үлкен мән берілген.

 

Бакыт Садуакасов.