Балалар

Айыртау ауданының Арман демалыс аймағында оқушылардың туристік слеті өтуде

Командалар алдымен табиғат аясында 5 минут ішінде шатыр құрып, одан соң тауға арқанмен өрмелеп, қайта түсуден жарысты. Жас туристер алғашқы көмек көрсетуден де білген-түйгендерін көрсете алды. Шара – балалар орман, тау мен көл жағасына демалысқа шыққан уақытта өздеріне керекті жағдайды жасап, қауіпсіздіктерін қамтасыз ете алуы мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сайыста өздеріне берілген тапсырманы уақыт бойынша бірінші аяқтағандар емес, барлығын қатесіз және ескертусіз орындағандар жеңімпаз атанады. Бұл бағытта 8 команданың әрекетіне 9 төреші қазылық етуде. Қай команданың жеңіске жеткенін шілденің 23-де шығатын жаңалықтарымыздан көре аласыздар.

Қанат Сәдуақас, денешынықтыру, спорт және АӘД бойынша аймақтық оқу әдістемелік орталығының директоры.

-Биыл 7-ші рет өткізіліп отырған сайысқа 8 команда қатысуда. Олардың ішінде былтырғы жеңімпаздар Петропавл құрамасы бар. 3 сайыс бойынша бақ таластырады. кімнгің жеңетінін көре жатармыз.

 

Акбопе Танирберген.