Энергетика

Сенбілік найзағай теріскейліктерді жарықсыз қалдарды

Шілденің 18-нен 19-на қараған түні найзағайдың салдарынан өңір тұрғындарын жарықпен қамтамасыз етіп отырған дәл осындай тағы бір транформаторға зақым келген. Бұның кесірінен 8 электр тарату станция да істен шығады. Осылайша, қаладағы Жұмысшы кенті, Ойқала, Черемушки ауданында орналасқан тұрғын үйлер мен М.Жұмабаев, Қызылжар, Аққайың ауданының тұрғындары жарықсыз қалыпты.

Виталий Фесько – “Солтүстік Қазақстан Электр желі Тарату Компаниясы” АҚ бас инженері.

-Сол түні қолайсыз ауа райының салдарынан өңір аудандары мен қаланы қоса алғанда 8 трансформаторлық бекетте технологиялық апат орын алды. Оқиға орнына электр таратушы компанияның жедел бригадасы аттанды. Мамандар электр таратушы трансформаторды алмастырушы қосалқы бекетті іске қосып, Жұмысшы кентінің тұрғындарына сол күні-ақ жарық берілді.

Ал жарықтан ажыраған өзге аудан тұрғындары тек жексенбі күні желіге қайта қосылды.

Виталий Фесько – “Солтүстік Қазақстан Электр желі Тарату Компаниясы” АҚ бас инженері.

-Жөндеу бригадалары апаттың салдарын жоюды жексенбіден бастап, электр таратушы трансформатордағы зақымданған бөлшектерді ауыстырды. Күнның соңына таман найзағайдың кесірінен істен шыққан қондырғылардың барлығы қалыпқа келтірілді.

Жалпы энергетиктер электр трансформаторларының істен шығуы сирек кездесетін жәйт, – деп отыр.

 

 

Бакыт Садуакасов.