ТЖ

“Мир аттракционов” ЖШС қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кездесу өтті

Мария Белоиван, «Мир аттракционов» ЖШС әкімшісі.

-Бүгін төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма қызметкерлерімен кездесу өтуде. Өрт сөндіру құралын пайдалану қиын емес екен. Тек тетігін басып, ұнтақ шығатын түтікшені өртке бағыттаса болғаны. Алайда, бұл құралдың пайдасы орасан. Сондықтан, саябақ қызметкерлері үшін мұндай шаралардың маңызы зор.

Бұдан бөлек, өрт қауіпсіздігінің алдын алуға байланысты әр қызметкер «жадынамаға» ие болды. Мұндай парақшалар саябақтың аумағында орналасқан дәмхана аспаздарына да жеткізілді. Өрт – тілсіз жау. Оның тигізер залалы мол. Сондықтан әр уақыт сақтанған жөн.

Азамат Орынбаев, Петропавл қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы.

-Бүгінгі таңда қала бойынша бірінші жартыжылдықта 125 өрт оқиғасы тіркелді. Одан келген залал 26 млн.нан асады. Және үш адам қаза тапты. 2014 жылмен салыстырғанда өрт жағдайында қаза болғандар саны 76 пайызға, өрт оқиғалары 16 пайызға азайды.

Сондай ақ, құтқарушылар орталық саябақ аумағындағы субұрқақта шомылудың аса қауіпті екенін ескертеді. Себебі бұл нысан жарық, дыбыс беретін электр құрылғылармен жабдықталған. Яғни, су астында орналасқан желілерден тоқ соғу қаупі бар.

 

 

Акбопе Танирберген.