ТКШ

Петропавлдың 55 білім нысаны қысқа дайын

Күлтай Мұқанова – С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның директоры.

-9-шы шілдеден бастап қалалық классикалық гимназияның жертөлесінде бойлерді ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Оны біз үнемі қадағалап, бақылауда ұстаймыз. Міне, осы жұмыстарды жүргізу барысында жақсы нәтижеге қол жеткізесміз деген ойдамын. Өйткені бұл су құбырлары үнемі тазартылып отыруы керек. Судың тазартылып тұруына назар аудару керек.

Бүгінгі күні қаладағы 58 білім ошағының 55-інде қысқа дайындық жөніндегі құжаттары бар. Сонымен қатар, облыс орталығының екі мектебі күрделі жөндеуден өтіп, шатырлары ауыстырылуда.

Амангелді Уәлиев – Петропавл қаласы білім бөлімінің құрылыс бойынша бас маманы.

-Қаланың білім беру ұйымдарында обьектілерді қысқа дайындау жүріп жатыр. Қазіргі таңда 58 білім ұйымының 55-інде дайындық паспорттары бар. Автономдық жеке жылу жүйедегі нөмірі 22 бастауыш мектепке, нөмірі 44 орта мектепке көмір толығымен сақтау орындарына жеткізілді. Екі мектеп күрделі жөндеуден өтуде. Нөмір 13-ші және нөмірі 23-ші мектептер. Оған 45 млн теңге бөлінді. Сонымен бірге барлық білім ұйымдарында косметикалық және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Тамыз айында білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы тексерілетін болады.

 

 

Айгерим Ержанова.