Құқық қорғау органдары

Мемлекеттік автоинспектор жүргізуші куәлігін сатқан

Қаражатты қалтасына басқан сезікті пара берушілерге “В” категориясындағы жалған жүргізуші куәлігін беріпті. Лауазымды тұлға ақшалай сыйлық пен керек құжаттардың көшірмесін делдалдар арқылы талап еткен. Заңды белшесінен басқан азамат шілденің 13-і күні ұсталып, уақытша қамауға алынды. Облыстық жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарының хабарлауынша, дәл сол күні Қызылжар ауданы прокурорының санкциясы бойынша полиция инспекторы кепілдікпен босатылған. Қазір тергеу жұмыстары жалғасуда.

 

Акбопе Танирберген.