ТКШ

Қыстың қамын жаз ойла

Александр Ещанов, Жабаев көшесіндегі 153-ші үйдің басқарушысы.

-Бұл үйде негізінен зейнеткерлер тұрады. Адамдар 33 пәтердің тек 22-сінде ғана тұрады. Біз өз күшімізбен ешқашан жөндеу жұмыстарын жасай алмас едік.

Людмила КолЫчева бұл үйде 46 жыл бойы тұрады. Ғимарат салынғаннан бері 60 жыл өтсе де, бұл жерде бүгінге дейін бірде-бір түпкілікті жөндеу жүргізілмепті.

Людмила Колычева, үй тұрғыны.

-Жертөлемізді де су басқан. Айта берсек, мәселе жетерлік. Үйдің жөндеуді қажет ететін жерлері көп. Осы бағдарламаның арқасында баспанадағы шаруалар толығымен тындырылады деп ойлаймыз.

Шатырынан бөлек, үйдің жылу мен кәріз жүйесі де ауыстырылады. Яғни, ескі шойын құбырлар заманауи пластик өнімдерге алмастырмақ. Осыдан кейін барып қана ескі баспанадағы жұмыстар біршама азаяды.

Александр Ещанов, Жабаев көшесіндегі 153-ші үйдің басқарушысы.

-Қазір құбырларды қысыммен тексеру үстіндеміз. Содан кейін оларды ауыстыру жөніндегі құжат алмақпыз. Біз әрқашан жылыту маусымына дайындықты ерте бастауға тырысамыз. Өзгелерге де қыстың қамын жаз ойлауға кеңес беремін.

Мемлекеттік бағдарлама арқылы үйді жөндеу үшін 14 миллион теңгені тұрғындар 10-15 жылдың көлемінде қайтаруға тиіс.

 

 

Акбопе Танирберген.