МТРА жаңалықтары

Теріскейде жеміс-жидек сатылымы қызып тұр

Мұндай өнімдер әсіресе, Аққайың ауданының тас жолдарында қызу саудалануда. Тұрғындардың айтуынша, табиғи таза өнімді көбінесе қала тұрғындары сатып алады. Бұл жерде 5 литрлік жемістің бағасы 2 мың теңгеге бағаланған. Ал, тазартылынған жидектің құны екі есе қымбат. Қарақаттың бағасы мың теңгені құрайды. Саудагерлер биыл жеміс-жидектің молдығын айтады.

Татьяна Янковска

– Жеміс-жидекті 26 маусымнан бастап жинай бастадық. Бірақ, саңыраққұлақ мүлде жоқ. Жаңбырдан кейін аздап болған, мүмкін алдағы уақытта тағы шығып қалар. Енді құлпынай мен алма жинап, сатамыз. Қазір жемістерді саудалаушылар көп. Барлық ауыл болып жинап жатыр. Негізі жол біздің елді-мекен арқылы өтеді, бірақ басқа ауылдардан да саудагерлер келіп, өнімдерін ұсынуда.

 

Байболат Култанов.