МТРА жаңалықтары

“Қызылжар су” ЖШС жөндеу жұмыстарына 380 млн. теңгеден астам қаражат бағыттауда

Ербол Нәбиев – “Қызылжар су” ЖШС су тарту кешенінің жетекшісі

– Бұл станцияда технологиялық құрылғылар энергия үнемдегіштерге ауыстырылды. Бұған дейін 50-60 жылдық тарихы бар сорғыштар тұрған болатын. Олардың тозығы жетіп, ақаулары пайда бола бастады. Қазіргі қондырғылар толығымен автоматтандырылған.

Сондай-ақ, “Қызылжар су” кәсіпорнының жөндеу бригадалары Сәтпаев, 19 мекен-жайы бойынша орналасқан кәріздік сорғыш станциясының техникалық құрылғыларын жаңғыртуда. Соңғылары толығымен автоматтандырылған неміс өнімі. Аталған станцияға серіктестік 29 млн. 512 мың теңге қаржы бағыттапты. Ал М.Жұмабаев көшесінде кәсіпорын қызметкерлері ұзындығы 230 метр, диаметрі 500 мм-лік кәріздік коллекторды алмастырып жатыр. Бұл жұмыс тың технологияның арқасында жүргізілуде. Ең әуелі асфальттың бетін қолмен бұрғылайды, кейін барлық жұмыстар ГНБ деп аталатын қондырғымен көлбеу бағытталған бұрғылау әдісі арқылы тындырылады. Бұл әдіс асфальттың аз ғана бөлігіне зақым келтіреді екен.

Арман Саутов – “Қызылжар су” ЖШС техникалық директоры

– Бұл әдіспен биыл біз 2 шақырым су құбырын алмастырдық. Сонымен қатар, 1 шақырым кәріздік құбырды орнаттық. Бұл жұмыстар әлі жалғасуда. Қазір ГНБ әдісімен Мир көшесінде де тиісті шаруа атқарылып жатыр. Жалпы үстіміздегі жылы 4,5 шақырым кәріздік, 9,4 шақырым су құбырларын алмастыруды жоспарлап отырмыз. Барлық жұмыстар қазан айына дейін аяқталады.

Сонымен қатар, инвестициялық бағдарлама аясында “Қызылжар су” ЖШС екінші көтерілімдегі сорғыш станциясын қайта жаңғыртпақшы. Бұл нысан 1969 жылы қолданысқа берілген. Қазір мұнда қуаттылығы 800 кВт болатын электр қозғалтқыштары бар 6 сорғыш агрегат жұмыс істеп тұр. Энергия үнемдеу мақсатында қондырғылардың үшеуі алмастырылмақшы. Нәтижесінде қуаттылық 550 кВт-қа дейін төмендегімен, өндіріс көлемі еш өзгермейді. Мұның арқасында кәсіпорын жылына 10 млн. теңге үнемдемек.

Сегей Визеров – “Қызылжар су” ЖШС бас инженері

 

– Серіктестік 1 млрд. 200 млн. теңге болатын 3 жылға арналған ивестициялық жобаны құрды. Барлық жұмыстар соның аясында атқарылып жатыр. Жөндеуге бағытталған қаражат тарифке салынған. Былтырғы жұмыстар 117 млн. теңгеден асып түсті. Биыл 387 млн. теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Қазір барлық істің 42 пайызы орындалды.

Жалпы “Қызылжар су” ЖШС барлық жөндеу жұмыстарына биыл 380 млн. теңгеден астам қаржы бағыттапты.

Риат Шони.