МТРА жаңалықтары

Петропавлда автобустар саяжайларға кестеге сәйкес қатынауда

Қала басшылығы жолаушыларды тасымалдаушы компаниялардың өкілдерімен кездесіп, бүгінде олқылықты жойды. Қазіргі таңда тұрғындар 13 бағыт бойынша саяжайларға еркін қатынап жүр.

Дулат Шарапиденов, Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі

– Саяжай маусымы басталғалы 40-шы және 38-ші бағыт бойынша қатынайтын автобустардың жұмысына қатысты тұрғындардан көптеген шағымдар түскен болатын. Қазір ол бағыттар бойынша қозғалыс реттеліп, қоғамдық көліктер кестеге сай жүретін болды. Ал қалған бағыттарда проблема жоқ.

Берик Касен.