Құқық қорғау органдары

Жасөспірімдер арасында болатын қылмыстардың алдын алу

Асан Смағулов – Петропавл қаласы ІІБ бастығының орынбасары

– Бұл барлық оқыс оқиғалардың алдын-алуға көмегін тигізеді. Егер адам кінәсіз болса, оның құқығын қорғауға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, бейнебақылау баларға тәрбиелік әсерін тигізбек. Басқа біреудің әрекетін көре отырып, балалар заңсыз істерге бармау керектігін үйренеді.

Алдын-алу жұмыстары жасөспірімдердің ата-аналарымен де өтеді. Күн сайын құқық қорғау қызметкерлері білім бөлімі, қоғамдық ұйым өкілдері және прокурорлармен бірігіп жағдайы нашар отбасылардың мекенжайларына соғып рейдтер жүргізеді.

Юрий Данилов – қалалық маслихат депутаты

– Жиында жасөспірімдерді суицидке ұрындыратын жағдайлар талқыланды. Оның бірі – балаларды қараусыз қалдыру. Өкінішке орай, өз-өзіне қол жұмсау күн тәртібіндегі басты мәселеге айналып отыр. Біз барлығымыз жұмылып осы проблеманың бір жақты болуына үлес қосу керекпіз. Өйткені жастар – біздің болашағымыз!

Жиын соңында комиссия мүшелері полицейлерге бұл бағытта алдын-алу жұмыстарын атқаруды тапсырды.

 

Байболат  Култанов.