ТЖ

Құтқарушылар күн сайын рейдте жүр

 

 

Күн ысып, суға шомылу маусымының қызықты сәттері көбейген сайын өзен-көлдерді төңіректейтін үлкен-кішінің қатары арта түсуде. Десе де, жағажайға келушілер арнайы судағы қауіпсіздік шараларын сақтаулары тиіс. 
 
– Демалушылар  су бетінде көрсетілген белгіден одан әрі асып, жүзуіне тыйым салынған жерден аспауы, мас күйінде суға түспеуі керек.
-Алыс малтымау, суда жүзу ережелерін қатаң сақтау. Кішкентай балаларды үлкендердің қаруынсыз қалдырмау
керек.

Суда қауіпсіздік шараларын барлығы біліп жатса да,   алаңдауға себеп бар. Қайғылы жағдайлардың көбі белгіленбеген жерде шомылып, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамағаннан болады дейді құтқарушылар.

Сергей Черкасов, СҚО ТЖД суда құтқару станциясының бастығы:  

– Барлығын бақылауда ұстап тұруға мүмкіндік жоқ. Сол себепті сақтансаң – сақтаймын демекші, әрбір адам өз өмірі мен айналасындағыларға жауапкершілікпен қарап, абай болғандары жөн.

Қазір облыстың су көздерінде 30-дан астам құтқарушы қызмет етеді. Оның тең жартысы сүңгуіршілер. Суда құтқару қызметкерлері 17 шағын су көлігі, 9 моторлы қайық, 2 шағын кемемен жабдықталған. Құтқарушылардың біліктіліктерін арттыру үшін әрдайым оқу-жаттығу жұмыстары өткізіледі.

 Сергей Черкасов
,  СҚО ТЖД суда құтқару станциясының бастығы:

-Осының арқасында биылдың өзінде қала бойынша 60-тан  астам адам ажал аузынан аман қалды. Оның 25-і кәмелеттік жасқа толмағандар. Десе де сақтық шараларын ұмытқандардың 28-ін құтқару мүмкін болмады.

Жапа шеккендердің көбі араққа тойып алып суға кіргендер. Былтырғы жылы 34 солтүстікқазақстандық су құрбаны болған.  

 
Әсел Күшенғалиева