Қылмыс

Сыбайлас жемқорлыққа жол берген мемлекеттік қызметші құрықталды

Сыбайлас жемқорлыққа жол берген басшымен бірге кабинетте заң бөлімінің жетекшісі болған. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің хабарлауынша, Петр Дмитриенко және де мекеменің бірқатар лауазымды тұлғалары мемлекет қарамағындағы жылжымалы нысандарды жалға беру, тәркіленген мүлікті заңсыз сатумен айналысты деп айыпталуда. Сонымен қатар, тексеріс нәтижесі қанағаттанарлықтай болу үшін және де заңсыз жолмен алынған мүлікті заңдастыру үшін бірнеше рет кәсіпкерлерден пара алған. Дәл қазір бұл фактіге қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Айта кету қажет, Петр Дмитриенко Парламент Мәжілісінің 4 шақырылымындағы депутаты болған, “Құрмет” орденімен және де бірнеше мемлекеттік медальдармен марапатталған.

 

 

Риат Шони.