Спорт

Петропавлда балаларға арналған футбол алаңқайы ашылды

Бұл шағын футбол алаңын “Дорожник Ашық аспан” ЖШС-гі салған. 1 айдың ішінде пайда болған нысанға 4 миллионға жуық қаражат жұмсалыныпты. Айта кету керек, бұл спорттық алаңқайлардың құрылысы облыс әкімі Ерік Сұлтановтың тапсырмасымен жүзеге асқан.

Бапкен Мартиросян – “Дорожник Ашық Аспан” ЖШС директоры

– Спорттық алаңды тұрғызуды мамыр айының соңында бастаған едік. Барлық жұмыстарды 1 айдың ішінде тындырдық. Қажетті құрылыс материалдар жергілікті кәсіпорындардан сатып алынды. Менің ойымша, бұндай футбол алаңдары өскелең ұрпаққа жақсы жаттығып, дайындалуға септігін тигізеді.

Жаңа алаңқайды жастар да сынап көрді.

–  Футбол алаңы маған өте қаты ұнады. Жақсы жабдықталған.

 


–  Бұл алаң көңілімнен шықты. Енді демалыс күндері осы алаңқайда ойнайтын боламын.

Жыл басынан облыс орталығында 7 шағын футбол алаңы салынса, тағы 13-і жыл соңына дейін қолданысқа берілмек.

 

Сагыныш Маркашева.