Балалар

Өңірдегі “Серебряный бор” сауықтыру лагерінде демалып жатқан 36 бала тамақтан уланды.

Олар дене қызуының көтерілуі мен іштерінің ауырғандығын айтып шағымданған. Жеткіншектердің дені Көкшетау қаласынан келген. Қазіргі уақытта оқушылар аудандық орталық аурухана мен балалар жұқпалы ауруханасында ем алуда. Әзірге, оларға ішек инфекциясы деген диагноз қойылып отыр. Қазір мамандар балаларға қандай тамақ берілгендігін анықтау үстінде.

Владимир Ткаченко – СҚО білім басқармасы басшысының орынбасары

 

– Оқиға орнында облыстық штаб құрылды. Қазір эпидемиологиялық тергеу жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша балаларға қандай көмек көрсету қажет екендігі белгілі болады. Жапа шеккен балалардың барлығы ауруханаға жатқызылды.

 

Бакыт Садуакасов.