ТЖ

Петропавлда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты

Ирина Бегун – қала тұрғыны.

-Үйде отырғанда, күйіктің иісін сездім. Кейін құтқарушылар есік қағып, пәтерден шығыңдар деді. Бірден сіңілімді алып, жүгіре жөнелдім. Ол кезде подъездің іші толған түтін болды.

Тоғызыншы қабаттағы қарт зейнеткер мен оның немересін өрт сөндірушілер автосатының көмегімен жерге түсірді. Жапа шегушілер тілсіз жаудың салдарынан пәтерлерінен шыға алмай қалған. Тұрғындарға жедел жәрдем қызметінің мамандары бірден тиісті көмек көрсетті. Жалпы қызыл жалынды ауыздықтауға жеке құрамның 10 өрт сөндірушісі мен 3 бірлік техника жұмылдырылды.

Руслан Базарбаев – СҚО ТЖД жедел кезекші өрт сөндіру қызметі жетекшісінің орынбасары.

-Оқиға орнына үш техника және автосаты жеткізілді. Біздің мамандар өртті бір сағаттың ішінде толығымен сөндірді. Бұл подъезде уақытша электр желілері ажыратылды. Абырой болғанда барлық тұрғындар дін аман. Өрттің аумағы 4 шаршы метрді қамтыды. Қазір жалынның шығу себебі анықталуда.

Жалпы үстіміздегі жылы облыс бойынша 371 өрт оқиғасы тіркеліп, салдарынан 20 адам көз жұмған. Оның үшеуі бала.

 

 

Риат шони.