Мәдениет

«Армян мәдениеті» фестивалі өтті

Аида Мхоян – фестивальға қатысушысы.

-Мен өзіміздің ұлттық билеріміздің барлығын білемін. Мысалы, былтырғы фестивалда “ариохты” билегенбіз. Бүгінгі күнге өте қызу дайындалдық. Құрамызызда әнді де айтып, би де билейтін балалар бар. Фестивалды қызықты өткіземіз.

Бүгінде СҚО-да 2 мыңнан артық армян ұлтының өкілдері тұрады. Олар бір шаңырақ астында көп ұлттың айрандай ұйып отырғандығына қуанышты. Сондықтан, аталмыш фестивальді олар «Қазақстан халқы ассамблясының 20 жылдығына» арнаған.

Геворк Геворкян – СҚО “Кентрон” армян мәдени орталығы басшысы.

-Біз тамаша мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Басқа елде салт-дәстүр сақтауға шектеу қойса, Қазақстанда олай емес. Сол себебті бүгінгі кешті де ұлттардың достығына арнап отырмыз. Өзіміздің ұлттық би биленіп, әндер шырқалады.

Жас өнерпаздар дайындаған би мен әншашу мерекелік фестивальге жиналған жерлестеріміздің көңілінен шықты.

 

 

Култанов Байболат.