МТРА жаңалықтары

“Әскери киім тігу фабрикасы” ЖШС филиалы айына 4 мың дана киім тігуге қауқарлы

Наталья Посохина – “Әскери киім тігу фабрикасы” ЖШС Петропавлдағы филиалы директорының өндіріс бойынша орынбасары.

-Қазір бізге 11 мыңнан астам киімге тапсырыс келді. Оны аяқтауға шақ қалдық. Кейін мемлекеттік қорғанысқа 5 мың жылы костюм мен 10 мың жазғы форма тігеміз. Жалпы айына 4 мың әскери киім-кешек тігуге қауқарымыз бар. Негізі маталарды Беларусь, Алматы мен Ресейден аламыз.

Қазіргі таңда фабрикада 149 маман еңбек етеді. Жалақылары да жоғары 80-нен 230 мың теңгеге дейін. Десе де кәсіпорын басшылығы кадр тапшылығы бар дейді. Серіктестікке кем дегенде 100 тігінші қажет екен. Үстіміздегі жылдың мамыр айында өндіріс ошағы қондырғыларын жаңғыртыпты. Бұның арқасында жұмысымыз біршама жеңілденді дейді ісмерлер.

Райхан Бейсембаева – “Әскери киім тігу фабрикасы” ЖШС Петропавлдағы филиалының тігіншісі.

-Жаңа қондырғы автоматтандырылған. Қазір жұмысымыз жеңілденді. Енді күніне 100 дана киімге түйме қадай аламын.

Айта кету қажет, оқу орындарының студенттері осы жерде білімдерін тұйықтап, тәжірибе жинақтау мүмкіндігіне ие. Қазір мұнда 70 жас маман ісмерлікке машықтануда.

 

 

Риат Шони.