Қылмыс

Петропавлда велосипед ұрлаған 35 жасар азамат ұсталды

Күдікті.

-Мен нашақормын. Сол себепті ұрлыққа бардым. Дүкендердің жанынан, подьездер маңынан құлыпталмаған велосипедтерді алып кеттім. Негізінен әр бірі небары 5-6 мыңға сатылды. Жол-жөнекей өтіп бара жатқан адамдарға ұсынып, өткізіп жүрдім.

Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Полиция қызметкерлері тұрғындарға ұрланған заттарды сатып алғаны үшін де қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Жыл басынан Петропавлда 120 велосипед ұрлығы тіркелген. Оның жартысы әлі күнге ашылмаған.

 

 

Айгерим Ержанова.