МТРА жаңалықтары

2016 жылы СҚО-дағы Бескөл ауылы орталықтандырылған жылу магистарліне қосылуы мүмкін

Валентин Русаков, “Титан-Север” ЖШС прорабы.

-Жұмыс кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Инженерлік желілер мен жолдарды бұзбай, құбырларды жер астынан тартып жатырмыз. Құбырларды Ресейден алдырттық. Оның сырты полипеноуританмен қапталған және жылуды сыртқа өткізбейтін полиэтилен жабынғысы бар.

Былтыр Белскөлдің іргесіне 8 жылу қазандығы орнатылды. Мамандардың айтуынша, модульдік типтегі қондырғылардың қауқары Бескөл ауылындағы әлеуметтік маңызы бар нысандар мен көп қабатты үйлердің барлығын жылумен қамтуға жетеді. Ауыл тұрғындары, жылу трассасы әсіресе, қарттарға қолғабыс болады деген үмітте.

Мәрияш Нұркеева, Бескөл ауылының тұрғыны.

 

-Өзім 3-ші қабатта тұрамын. 10 жылдан аса үйде пеш жағып күнелтеміз. Жас келгесін күнде жоғарыға отын тасу қиын. Үйдің ішінде су бар. Енді жылу тезірек жетсе жақсы болар еді. Шүкір, Бескөл ауылы көркейіп жатыр. Осы үшін жергілікті әкімдіктегілерге алғысымды айтамын.

Жоспар бойынша келер жылы орталықтандырылған жылу жүйесіне аурухана, содан соң мектептер қосылуы мүмкін. Ал, көп қабатты баспаналарға жылу желілері тұрғындардың қаражаты есебінен тартылмақшы.

Берик Касен.