МТРА жаңалықтары

2015 жылы СҚО-да орман аумағы 2,5 мың гектарға ұлғайды

Қуанышбай Мұсаибов, “Қызылжар орман шаруашылығы” КММ Куйбышев орманшылығының қызметкері.

-Тәлімбақта өңірімізде кең тараған қайың мен қарағайды отырғызамыз. Олар тез жерсінеді әрі солтүстіктің құбылмалы ауа-райына бейім келеді. Бұдан бөлек Куйбышев орманшылығында мектеп бөлімі бар. Онда осындай көшеттер 5 жыл өсіріледі. Оны біз Қаланың ішін және көп қабатты баспаналардың аулаларын абаттандыруға пайдаланамыз. Жалпы Куйбышев орманшылығына 11 300 Га аумақ тиесілі. Біз жыл сайын 0,03 Га-ға екпе көшеттерін отырғызамыз.

Осы күні СҚО-да орманды алқаптарды қалпына келтіру ісімен 13 мемлекетік орман шаруашылығы мен орманды жалға алушылар айналысады. Әрбіреуінде қажетті материалдарды әзірлейтін, яғни екпе көшеттерін баптайтын жеке тәлімбақтары бар екен.

Марина Подоксёнова, СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы.

-Өңірімізде 430 мың гектарды орман алып жатыр. Жасыл белдеуді сақтап, орнын толтыру үшін мемлекеттік орман шаруашылығы мен орманды ұзақ мерзімге жалға алушылар жыл сайын 1,5 мың гектар орман алқабына 6 млн. түп қайың, қарағай көшетін отырғызады. Нәтижесінде былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда биыл оның көлемі 2,5 мың гектарға ұлғайды.

Марина Подоксёнова әсіресе орман алқаптарын қалпына келтіруде орманды пайдаланушылардың көмегі өлшеусіз дейді.

Марина Подоксёнова, СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы.

-Әсіресе, орманды пайдаланушылардың пайдасы зор. Соңғы 5 жыл көлемінде облысымызда 6,5 мың гектар жасыл белдеу қалыпқа келтірілсе, соның 5 мың гектары орманды жалға алушылардың атқарған жұмысы.
Кесілген ағаштардың орнын толтырып, жас талдарды өрттен басқа да зиянкестерден қорғау дасоларға жүктелген.

Сонымен қатар өңір тәлімбақтарында емен, жиде, сібір алмасы, шыршалар қолдан өсіріледі. Оларды солтүсткқазақстандықтар көбінесе үй аулаларын, мемлекеттік ғимараттардың жанын абаттандыру үшін сұрататын көрінеді.

 

Берик Касен.