Спорт

Шағын футболдан «Petrocup» турниры басталды

Айта кеткен жөн, аула футбол ойыншыларының басын қосқан турнир теріскейде алғаш рет өтуде. Оған қатысуға 34 команда өтініш берген. Турнирде бақтарын сынайтын құрамалар екі ай бойы күш сынасатын болады. Жарыстың алғашқы кездесулері өткен сенбіде “Жеңіс саябағының” футбол алаңында өтті. Бұл күні толассыз жауған жаңбырға қарамастан, 16 құрама өнер көрсетіп, өздерінің жарыстағы алғашқы кездесулерін өткізді. Жиналғандарды СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Руслан Есеналин құттықтады.

Руслан Есеналин – СҚО денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы.

-Құрметті жарысқа қатысушылар сіздерді «Petrocup» турнирының ашылуымен құттықтаймын. Обылыста алғаш рет қолға алынған бастаманың тартысты және қызықты өтетіндігіне сенімдімін. Тек шын мықты ғана үздік шықсын. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін.

 

Байболат Култанов.